• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Бүгін, 10:52

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 2 млн-ға жуық адам қатысқан

20 рет
көрсетілді

Аталған ауқымды экологиялық жұмысқа қатысқан 2 млн-ға жуық адамның 156 мыңы – еріктілер, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев аталған бастама азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталғанын, экологиялық жағдайды жақсартуға халықтың айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.

573 іс-шара өткізіліп, 189 мың тоннаға жуық қалдықтар жиналған, шамамен 735 мың гектар аумақ тазартылып, 2 млн-нан астам ағаш отырғызылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге бағытталған. Бұл бастама халықты біріктіріп қана қоймай, жалпыұлттық ауқымдағы іске айнала отырып, патриоттық рухты нығайтты», деді министр.