• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:30

Астанада белгісіз біреулер LRT вагондарына сурет салып кеткен

30 рет
көрсетілді

Астанада LRT вагондарына белгісіз тұлғалар тарапынан рұқсатсыз граффити салынғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиғаға қатысты барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

CTS мәліметінше, вагондар арнайы қорғаныс қабатымен жабдықталған, бұл бояудың негізгі сырлау қабатына сіңіп кетуіне жол бермейді. Қазіргі уақытта граффитилерді өшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Астанаға алғашқы LRT вагондары 9 маусымда жеткізілген болатын. 11 маусым күні №101 станциясында екі вагоннан тұратын алғашқы құрам сәтті көтерілді. Ал 12 маусымда «Абу-Даби Плаза» станциясында екінші LRT құрамы орнатылды.