• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

Уақыт алға ғана жылжымайды

30 рет
көрсетілді

Ғаламда уақыт алға ғана жылжиды деген ұғымды физик Гюнтер Клетечка жоққа шығармақ. Ол уақыт үш өлшемнен тұрады дейді.

Яғни біз бір бағытпен ғана өмір сүріп жүргенімізбен, басқа бағыттар ар­қылы сол күннің бірнеше нұсқасын кө­ріп, уақыт кеңістігінде «саяхаттауға» бо­лады-мыс. Г.Клетечканың күрделі мате­ма­тикалық формуласы бөлшектердің мас­сасын дәл есептеп, кванттық механика мен гравитацияны біріктіруге жол аша­ды. Ал Қытай ғалымдары жарық бөл­шек­терін 37 өлшемді кеңістікте зерттеп, шын­дықтың біз ойлағаннан әлдеқайда күр­делі екенін дәлелдеп отыр. Ғылым енді уақыт пен кеңістікке мүлде жаңа көзқарас қалыптастырмақшы.