2025 жылғы 24 маусым күні сағат 11:36-да (Астана уақытымен) Тәжікстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ғылыми орталығына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері сейсмикалық станциялар желісі арқылы анықталған.
Жер сілкінісінің эпицентрі – Алматы қаласынан 632 шақырым оңтүстік-батыс бағытта, Тәжікстан аумағында орналасқан. Координаттары: 39.161° солтүстік ендік, 71.612° шығыс бойлық.
Алдын ала мәлімет бойынша, ел аумағында сілкініс сезілмеген.