Енді «Атырау» футбол клубын бұрынғы бас жаттықтырушы Виталий Жуковский қайта жаттықтырады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбектің айтуынша, бас жаттықтырушымен келісімшарт 1,5 жылға жасалған.
«Беларусьтік маман Виталий Жуковский «мұнайшылардың» бас бапкері қызметіне тағайындалды. Ол 2022-2024 жылдары «Атырау» бас жаттықтырушысы болып, командамызды Қазақстан Кубогінің финалына шығарды. Ел чемпионаты аясында соңғы жылдардағы үздік нәтижені (7-орын) көрсеткен еді», деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.