• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

«Атырау» футбол клубынан 8 ойыншы кетеді

220 рет
көрсетілді

Футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбектің айтуынша, дүйсенбіде жаңа ойыншылар таныстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кеше жігіттермен сөйлесіп, алғыс айттық. «Атырау» футбол клубынан 8 ойыншы кетеді. Бәрін де назардан тыс қалдырмаймыз. Клубсыз қалса, жұмысқа орналасуына көмек береміз», деп хабарлады Дидар Сыдықбек.

«Атырау» футбол клубынан кететін ойыншылардың арасында 1 қақпашы, 2 қорғаушы, 2 жартылай қорғаушы мен 3 шабуылшы бар. Қорғаныс шебінде ойнаған Мерей Сапановтың жасы – 39-да. Онымен бірге Амандық Нәбиханов та қорғаушы болған.

Ал, Равиль Атыханов пен Роман Чирков жартылай қорғаушы, Едіге Оралбай, Абзал Шоқан мен Бағдәулет Зұлфықаров шабуылшы позициясында доп тепті.

Сондай-ақ, 19 жастағы қақпашы Санжар Ерниязов – футбол клубынан кеткен 2 қақпашының бірі. Енді команда құрамында 1 қақпашы қалды.

«Жаңа бас жаттықтырушы өзге ойыншыларды қарым-қабілетін көреді. Содан соң шешім қабылдайды. Алдағы дүйсенбіде жаңа ойыншыларды таныстыра бастаймыз», деп мәлім етті Дидар Сыдықбек.