• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:10

Креаторлар бас қосты

20 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министр­лігінің қолдауымен Петропавл қала­сындағы «Qyzyljar Creative Center» креа­тивті орталығында «Yandex Qazaqstan» акселерациялық апталығы басталды.

Оқыту бағдарламасына елі­міздің барлық өңі­рінен келген креативті индустрия өкілдері қатысып жатыр. Оның ішінде тәжірибелі мамандар мен жас креаторлар да бар.

Бағдарламаның мақсаты – креа­тор­ларға шығармашылығынан та­быс табуды үйретіп, инвестиция тарту үшін білім мен қажетті құрал ұсы­ну. Сонымен қатар қа­ты­сушылар креа­тивті қызмет бойын­­ша құқықтық білік­тілігін арт­тырады. Атап айт­сақ, зияткерлік мен­шік құқы­ғын қор­ғау, авторлық құқық және салық мәселе­лерімен танысады.

Акселерация аясында отандық және шетелдік киноөндіріс ма­мандарының шеберлік сабақта-ры өтеді. Сондай-ақ еліміздегі креа­тивті хабтардың рези­дент-те­ріне арналған онлайн трансляция жүргізіледі.

Іс-шара аясында «Кинодағы Абай бейнесі», «Қазақстандағы сериалға продюсерлік ету», «Ани­ма­циядағы ком­мерция мен шы­ғармашылық», «Режиссер шы­ғар­машылығындағы өрлеу мен құл­дырау», «Креаторларға арнал­ған мар­кетинг», т.б. тақы­рыптар бо­йын­­ша шеберлік сабақтары өтіп ­жатыр.

Айта кетейік, бұл – Мәдениет және ақ­парат министрлігі мен «Yan­dex Qazaqstan» бірлесіп ұйым­дас­тырған алғаш­қы аксе­ле­рациялық бағдарлама. Ал­дағы уақытта оқыту тағы бес өңірде жал­ға­са­тын болады.