• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.55
  • EUR:
    596.03
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Павлодарда нашақорлықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг өтті

20 рет
көрсетілді

Павлодарда «Тура жол» жобасы мен нашақорлыққа қарсы айлық аясында нашақорлықтың алдын алу және тәуелділікті емдеу саласындағы мамандарға арналған семинар-тренинг өтті, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шараны Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен Психикалық денсаулық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Семинар 2025 жылғы 19 маусым күні алты сағат бойы өтті. Оқу бағдарламасы Коломбо жоспары аясындағы Есірткі мәселелері жөніндегі консультациялық бағдарламаның (DAP) негізінде әзірленген. Тақырыбы – «Сауықтыру үдерісін басқару және рецидивтің алдын алу».

Оқыту интерактив форматта ұйымдастырылып, нақты кәсіби жағдайлар негізінде тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді. Семинар психоактивті заттарды тұтынуға байланысты бұзылуларды емдеуде халықаралық тәсілдерді қолдануға және психикалық денсаулық қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталды.

Іс-шараға Павлодар облысының түкпір-түкпірінен келген бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) психологтары, Жастар денсаулық орталықтарының өкілдері, нарколог-дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер мен кеңесшілер қатысты. Жалпы саны 30-дан астам маман қамтылды.

Семинардың басты мақсаты – тәуелділікпен жұмыс істеудің заманауи әдістерін үйрету, мамандардың кәсіби құзыретін арттыру, сала мамандары арасында әріптестік байланысты нығайту және тәуелділікке ұшыраған адамдар мен олардың отбасыларына көрсетілетін медициналық әрі психологиялық көмектің сапасын жақсартуға ықпал ету.

Бағдарлама аясында тәуелділікті емдеудің ғылыми негізделген тәсілдері, сауықтыру үдерісін басқарудың психологиялық аспектілері, рецидивтің алдын алу стратегиялары мен әдістері, кеңес берудегі этика мәселелері қаралып, практикалық жаттығулар мен жағдаяттарды модельдеу жүргізілді.

Семинар өңірдегі нашақорлықтың алдын алу және емдеу жүйесін жетілдіру бағытында маңызды қадам болды. Қатысушылар іс-шараның мазмұны мен практикалық бағытының кәсіби қызметінде аса өзекті екенін атап өтті.