Семсерлесуден Вадим Шарлаимов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Индонезияның Бали қаласында семсерлесуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жерлесіміз Вадим Шарлаимов ширек финалда сенсациялық нәтиже тіркеп, жазғы Олимпиаданың екі дүркін чемпионы жапон Коки Каноны ығыстырды. Бірақ жартылай финалда тағы бір жапон спортшысы Масару Ямададан аса алмады. Десе де оның құрлық біріншілігінен қола медаль олжалауы аз табыс емес.
Коки былтыр Парижде өткен жазғы Олимпиада додасының ширек финалында отандасымыз Руслан Құрбановты айқын басымдықпен жеңген болатын.