Мемлекет басшысының деректерді басқаруда инновациялық тәсілдерді енгізу туралы тапсырмаларына сәйкес, Қазақстан ТМД-да алғашқы болып туризмнің ресми статистикасына мобильдік деректерді енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік банктің қолдауымен, Ұлттық статистика бюросы тарапынан жүзеге асқан бұл тәсіл туристік ағындар мониторингінің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.
Енді дәстүрлі статистикада бұрын ескерілмеген бір күндік сапарлар мен орналастырусыз сапарларды қоса алғанда, адамдардың нақты қозғалысы жүйеде тіркеледі. Осының арқасында статистика нақтыланады.
2023 жылғы шілдеден 2024 жылғы шілдеге дейінгі аралықта ұялы байланыс операторларының бірінің деректер базасында іске асырылған жобаның алдын ала нәтижелері маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.
Ішкі сапарлардың 60% -дан астамы - бір күндік сапарлар. Ең жоғары туристiк ағын жаз айларында және мереке кезеңiнде - әсiресе Наурыз, Жаңа жыл және Жеңіс күнiнде байқалды. Үйден тыс түнеу саны бойынша рекорд 2024 жылғы 21 наурызда, көктемгі демалыстың қызу кезінде тіркелді. Астана тұрғындары қашықтықтағы айырмашылықтарға қарамастан, Ақмола облысы мен Алматыға сапарды жиі таңдайды. Ең жоғары және ең төмен белсенді айлар арасындағы үш есе айырмашылығы бар айтарлықтай маусымдық туризм саласында жоспарлау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Осы мәселелердің барлығы Дүниежүзілік банк өкілдерінің қатысуымен өткен тақырыптық семинарда және жұмыс кездесуінде талқыланды, онда алдын ала нәтижелер ұсынылып, дамудың келесі қадамдары белгіленді. Халықаралық сарапшылар Қазақстанның статистиканы цифрландыру және жаңа деректер көздерін дамытудағы ілгерілеуін оң бағалады. Қазақстан мобильді деректерді талдау алгоритмдерін әзірлеуде халықаралық әріптес - эстониялық Positium компаниясымен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруда.
«Қазақстан бүкіл ТМД мен өңір үшін сандық статистика стандартын белгілейді. Бұл жоба - жай ғана техникалық жаңалық емес, туристік ағындарды өлшеу тәсілін өзгертетін және талдау көкжиегін кеңейтетін нағыз серпіліс» дейді ДБ өкілі М.Небилер
Бүгінгі күні байланыс операторларымен келісімдерге қол қою бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл қамтуды кеңейтуге және туризмде ғана емес, көші-қон саласында да ұтқыр позициялау негізінде статистиканы тұрақты жариялауға көшуге мүмкіндік береді.