• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:03

Көбелек қанатындағы құпия

20 рет
көрсетілді

Көбелектің қанаты неге соншалық жарқырап, ерекше түстерге боял­ғанын білесіз бе? Бұл әдемілік бояу­дан емес, жарыққа қалай шағы­латынына байланысты.

Ғалымдар мұны «құрылымдық түс» деп атайды. Қанаттың бетінде микроскоппен ғана көрінетін өте майда қабыршақтар болады. Сол қабыршақтар күн сәулесін түрлі бағытқа шағылдырып, көз тартар рең береді. Бірақ ол қабат өте нәзік, егер қанат қатты нәрсеге тисе немесе сәл қажалса, түсі бірден жоғалып кетеді. Ғалымдар осы табиғи тетіктен шабыт алып, қазір бояусыз-ақ түрлі түс беретін материалдар мен жарықты үнемдейтін дисплей технологияларын жасап жатыр.

 

Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3-курс студенті