• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Бюджет Кеше

Депутаттардың ұсыныстары Сенатқа жолданды

20 рет
көрсетілді

2024 жылғы республикалық қаржы атқарылымы бойынша Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның баяндамалары Сенатқа жолданады, деп жазады Egemen.kz.

Ел қаржысының қайда, қалай жұмсалғанын бақылау – Парламенттің басты міндеттерінің бірі. Осы орайда Мәжіліс отырысында Қазақстан Үкіметінің және Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралды.

Депутаттардың сын-ескертпелері мен ұсыныстары айтылған бұл құжаттар Парламенттің жоғарғы палатасына – Сенатқа жолданды. Сонымен қатар Қаржы және бюджет комитетіне есептерге қатысты қосымша баяндама әзірлеу тапсырылды. Бұл құжатта Мәжілістің тұрақты комитеттерінің қорытындылары мен жалпы отырыс барысында көтерілген пікірлер ескерілетін болады.

Ал Парламент Палаталарының бірлескен отырысында негізгі баяндамамен қатар қосымша мазмұнды түсіндіруді Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков жүргізеді деп белгіленді.

Айта кету керек, республикалық бюджеттің орындалуына қатысты жыл сайынғы есептер – ел қазынасының қаншалықты тиімді және мақсатты жұмсалғанын көрсететін маңызды құжаттар. Бұл ретте депутаттық корпустың бақылау қызметі мен жариялы талқылау – мемлекеттік қаржының ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы.