• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Балалар Бүгін, 09:55

Кітапқұмар жеткіншектер

30 рет
көрсетілді

Астанадағы Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі жанынан ашыл­ған жазғы демалыс лаге­рі 2 маусымнан жұ­мы­сын бастады.

Биылғы маусымдағы түрлі бағытта ашылған жазғы лагерьге 370 оқушы қатысты. Олардың бос уақытын өнімді өткізуіне жан-жақты жағдай жасалған. Бұл іске 42 педагог тартылып, олардың әрқайсысы балалардың танымдық, шығар­машылық, ұлттық-рухани және зияткерлік қабілетін дамытады.

Әсіресе осы маусымдағы «КітапLIKE» оқу лагерін ерекше айтуға болады. Бұл жоба 2-13 маусым аралығында ұйым­дастырылды. Оған 25 оқушы қатысты. Лагерьге барған бала­ларға А.Жақсылықова, Қ.Дүйсенова, Ж.Перне­баева секілді тәжірибелі ұстаз­дар жетекшілік етті. Олар жеткіншектердің кітапқа сүйіспеншілігін арттыру мақсатында түрлі танымдық әрі қызықты іс-шаралар өткізді.

Аталған мектеп-лицей ди­ректорының тәрбие ісі жө­нін­дегі орынбасары Г.Алда­бер­генованың айтуынша, лагерь жұмысының мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізіп, кітап оқуға деген ынтасын арттыру, әдебиет арқылы ұлттық құнды­лық­тарды насихаттау және шығар­машылық қабілеттерін дамыту.

Шынында да, жазғы лагерьге келген балалар күн са­йын оқыған кітаптары туралы пікір бөлісіп, әдеби кейіп­керлермен сырласты, түрлі әдеби-танымдық тапсырмаларды орындады. Мек­теп кітапханасында дәстүрлі «Ой мен ойын» танымдық сайысын ұйымдастырды. Онда 5-сынып оқушылары білімдерін ортаға салып, логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Сайыс барысында ерекше белсенділік танытқан «Білімпаз» тобы жеңімпаз атанды. Топ мүшелерінің ұйымшылдығы мен тапқыр жауаптары көрерменге ерекше әсер қалдырды.

Жалпы алғанда, мектеп жанын­дағы жазғы лагерьлер – балалар үшін тек демалыс емес, жаңа дүниелерді тану, дос­тар табу және қызықты уа­қыт өткізу ортасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың білімін толық­тырып қана қоймай, олар­дың шығармашылық әле­уе­тін ашуға да зор мүмкіндік бе­ре­ді.

 

Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3-курс студенті