• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Құрылыс Кеше

Құрылыс саласында өсім бар

20 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығында елімізде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2 001 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, құрылыс нарығындағы негізгі салмақты жеке құрылыс ұйымдары көтеріп отыр, яғни жалпы көлемнің 91,2%-ы осы сектордың үлесінде. Шетелдік құрылыс ұйымдарының үлесі – 7,7%, ал мемлекеттік мекемелер – небәрі 1,1% жұмыс атқарған.

Құрылыс көлемінің ұлғаюы, әсіресе, имараттар (20,7%) мен тұрғын емес ғимараттардың (11,6%) құрылысы және жөндеу жұмыстарының қарқын алуымен байланысты.

Құрылыс бағыттары бойынша:

Тұрғын емес ғимараттар құрылысы – 25%; Автомобиль, теміржол және метрополитен құрылысы – 19,7%; Тұрғын үйлер салу – 13,3%.

Бұл көрсеткіштер салада коммерциялық және инфрақұрылымдық жобалардың басымдыққа ие екенін көрсетеді.Сонымен қатар еліміздің 18 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің артуы тіркелген. Ең жоғары өсім келесі аймақтарда байқалды:

Маңғыстау облысы – 2 есе; Қызылорда облысы – 64,5%; Түркістан облысы – 46,6%; Астана қаласы – 51,8%; Ақмола облысы – 39,8%; Павлодар облысы – 37,4%; Алматы қаласы – 24%