• RUB:
    6.52
  • USD:
    512.44
  • EUR:
    593.15
Басты сайтқа өту
Аңдатпа Бүгін, 08:05

Аңдатпа

10 рет
көрсетілді

18 маусым - «Ақ кеме»

Ғ.Мүсірепов атын­дағы Қазақ мемлекет­тік академиялық балалар мен жасөспірім­дер театрында Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» драмасы қойылады. Режиссері – Дина Жұмабай. 

18 маусым - Премьера!

Жастар театрын­да Рахымжан Отар­баевтың «Соңғы аялдама» әлеуметтік тра­ге­­дия­­сының премьерасы болады. Режиссері – Нұрфат Вахитов.

 

24 маусым - Ертегілер елінде

Ж.Аймауытов атын­дағы Павлодар об­лыс­тық қазақ музыка-драма театрында «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі сахналанады.

 

26 маусым - «Sheikh Sanaan. Fatum»

Түркістан музыка­лық драма театрының Астанаға гас­трольдік сапары аясында Фаридуддин Аттордың «Sheikh Sanaan. Fatum» драмасы ұсынылады. Режиссері – Барзу Абдруззаков.