• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Туризм Кеше

Мароккодан мотоциклмен шыққан саяхатшы Түркістанға жетті

40 рет
көрсетілді

Түркі әлемінің рухани орталығы саналатын Түркістанға келуді мақсат еткен 67 жастағы Марокко азаматы табандылық танытқан. Мотоциклмен бірнеше елдің жерін басып өткен ол кешегі күні киелі қалаға табан тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саяхатқа қызығушылық пен рухани ізденісі жетелеген ардагердің басты мақсаты – әр елдің тарихымен, мәдениетімен танысып, жергілікті халықпен тілдесу болған. Түркістанда ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесін және басқа да тарихи-мәдени нысандарды тамашап, тарихымен танысты. Саяхатшы мотоциклімен Еуропаның бірнеше елін, сондай-ақ Түркия, Грузия және Әзербайжан елдерін аралап, Каспий теңізі арқылы Қазақстанға жеткен. Ақтау, Ақтөбе және Арал қалаларында болған.

«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы шетелдік саяхатшыға құрмет көрсетіп, ұлттық тағамдардан дәм татқызды, киелі қала тынысымен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар