• RUB:
    6.41
  • USD:
    511.77
  • EUR:
    593.19
Басты сайтқа өту
Саясат 11 Маусым, 2025

Илон Маск кешірім сұрады

70 рет
көрсетілді

Әлем назарын өзіне аударудан жаңылмайтын технология алыбы Илон Маск  саяси мәлімдемесімен көпшіліктің қызу талқысына тағы да түсті. Бұл жолы ол АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты айтқан сыни пікірлеріне ашық түрде өкініш білдіріп, саяси сахнадағы көпжақты қарым-қатынас пен жеке позициялардың қайшылығын тағы бір мәрте көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

«Өткен аптада Президентке қатысты жариялаған кейбір жазбаларыма өкінемін. Олар шектен шыққан екен»,  деп мәлімдеді Маск, Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында. 

Бұған дейін Илон Маск АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің жазбасын бөліскен болатын. Вэнс өз жазбасында Bloomberg агенттігінің ақпаратына сүйеніп, Маск үкімет саласындағы жұмысына байланысты өз дәулетінің 25 пайызынан айырылды деп атап өткен болатын.