• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Жұмысшы мамандықтар жылы Кеше

Жұмысшы мамандықтар жылы: Ақтауда еңбек тақырыбындағы патриоттық форум өтті

20 рет
көрсетілді

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтауда дәстүрге айналған патриоттар форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысымен өткен форум «Еңбек – ырыстың қазығы» деген атаумен ұйымдастырылды.

Форумға қалалық қоғамдық кеңес өкілдері, аналар және ақсақалдар кеңесі мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, білім, құқық қорғау, денсаулық сақтау салаларының өкілдері мен жастар қатысты.

Шараның басты мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, еңбекқорлықты насихаттау және елге адал қызмет етіп жүрген қарапайым азаматтардың еңбегін дәріптеу дейді шара ұйымдастырушысы.

-Мемлекет басшысы 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осы орайда бүгінгі форумға тек спортшылар мен өнер адамдары ғана емес, күн сайын қаланың тыныс-тіршілігіне үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшы мамандар да қатысып отыр. Үйлеріміздің жарығы сөнбей, жылуы үзілмей тұруы – сол кісілердің ерен еңбегінің нәтижесі. Олар – шынайы патриоттар. Біз олардың үлгілі істерін жастарға өнеге ретінде көрсетуіміз керек, – деді «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қорының басшысы Жақсыгүл Маханбетова.

Шара соңында қаланың үздік патриот жастары марапатталды. Сондай-ақ қатысушылар «Атамекен» әні аясында көк туды желбіретіп белсенділік танытты.