• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Білім Кеше

Алғашқы түлектерін қанаттандырды

20 рет
көрсетілді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект технологиялары кафедрасы ЖИ саласындағы алғашқы мамандарын даярлап шығарды. Олардың 28-і – бакалавриат түлектері.

Аталған жоғары оқу орнында «Жасанды интеллект технология­лары» білім бағдарламасы еліміз­дің жаңа кәсіптер атласына байланысты 2020 жылы ашылды.

«Осыдан 5 жыл бұрын жаңа мамандықты ашқанда жақын арада ЖИ-мен жұмыс істейтін кадрлар сұранысқа ие болады ойладық. Бұл болжамымыз дұ­рыс болды. Алғашқы жылы  сту­денттердің бір тобын ғана қабыл­­дадық. Қазір жасанды интел­лект бойынша білім алғысы ке­ле­тіндердің саны төрт есеге өсті», деді Жасанды интеллект тех­но­­логиялары кафедрасының мең­ге­ру­шісі Бибігүл Разахова.

Бакалавриаттың төрт жылында студенттер компьютерлік лингвистика саласында машиналық оқытуды, деректерді талдауды, онтологиялық инженерияны, нейрондық жүйе қосымшаларын әзірлеу және табиғи тілді өңдеу бойынша білім алды. Сондай-ақ ұлттық және жеке IT-компа­ния­лар мен орталықтарда тағылым­дамадан өтті.

Бұл білім бағдарламасы «ASIIN» ха­лықаралық агенттігінде аккредиттелген. Оны университет жұмыс берушілермен бірлесіп, олардың сұранысын ескеріп жасаған.

«Жасанды интеллект техноло­гиясын меңгеру оңай емес. Бірақ оны қызықты ететін де осы күр­де­лілік. Мамандық маған интеллектуалды өсуге тұрақты мүм­кіндік берді. Тренинг барысында теория мен тәжірибенің жақсы үйлесімі құрылды. Біз «Python», «TensorFlow», «Scikit-learn», «PyTorch» сияқты құрал­дар­ды пайдалана отырып, нақты жобалар жасадық. Курстық жұмыста алған білімімізді тәжі­ри­беде қолдандық. Сонымен қатар командалық жұмысқа атсалысып, ғылыми жобаларды іске асырып, хакатондарға қатыстық», дейді жас маман иесі Даяна Оспанова. Болашақта Даяна жасанды интеллект саласында инженер-сарапшы болып жұмыс істегісі келеді.

Бір айта кетерлігі, бұл маман­дық бойынша біздің ғана емес, ТМД елдерінен келген шетелдік студенттер де білім алады. Оларға отандық оқытушылармен бірге АҚШ, Қытай, Малайзия секілді жетекші жоғары оқу орын­­да­рының ғалымдары дәріс оқиды. 

Соңғы жаңалықтар