• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Жастар 04 Маусым, 2025

Студенттер саябақтарды көгалдандыру жұмыстарына араласады

70 рет
көрсетілді

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің экология және ландшафт дизайны мамандығына оқып жатқан студенттері  қаланың орталық саябағындағы  көгалдандыру жұмыстарына  араласа бастады, деп жазады Egemen.kz.

Олар ағаштар мен бұталардың, басқа да  әр түрлі көпжылдық өсімдіктердің топыраққа ылғалды сіңіру деңгейін, климатқа төзімділігін зерделеу арқылы жерсіндіреді, деп хабарлайды egemen.kz.

Осылайша  жас мамандардың  қаладағы саябақтарды ретке келтіруге белсенді түрде кірісуі қала тарихында ең бірінші рет орын алды. Өйткені, осыған дейін көгалдандыру жұмыстерімен қала тазалығына жауапты мекеменің жұмысшылары ғана араласып, олардың жұмысы  көбінесе көктемде  жылыжайларда өсірілген біржылдық  гүлдерді отырғызумен шектелетін.  Ағаштардың шөлге, суыққа төзімді түрлерін отырғызуға  жеткілікті мән берілмеді.

Енді университет студенттері   жазғы өндірістік тәжірибені саябақтарда өткізеді.

Болашақ ландшафт дизайнерлері мен экологтар өз қолдарымен отырғызған ағашты  жаз бойы күтіп-баптап, әбден жерсініп кеткенше өсуін қадағаласа, қаланың жасыл желек қорының ұлғаюына көмегі зор. Мұнымен бірге осы оқу орнының   студенттері қаладағы  «Қазхром» ТҰК  ғимаратының  маңында  көгалдандыру жұмыстарымен айналысып, сазды топыраққа өсуге ыңғайлы ағаш көшеттерін  отырғызды.  

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар