• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Маусым, 2025

Алматы облысында радикалды діни топтың жетекшісі ұсталды

90 рет
көрсетілді

Алматы облысында радикалды діни топтың жетекшісі ұсталып, оған діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Құқық қорғау органдары жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның діни араздықты қоздыруға бағытталған интернеттегі жарияланымдарды таратқаны анықталды. Басқарма мәліметінше, күдікті бұрын террористік әрекет үшін сотталған. Алайда жазасын өтегеннен кейін де деструктивті сенімінен бас тартпай, заңсыз әрекеттерін жалғастырған.

Қазір оған Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі – «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Іс бойынша барлық қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Басқарма азаматтарды радикализмнің кез келген көріністеріне бей-жай қарамауға және күмәнді діни мазмұндағы материалдар жайлы құзырлы органдарға хабарлауға шақырады.

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті