Астанада Құрбан айт мерекесіне орай 2025 жылғы 7-8 маусым күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәрмеңке Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайында орналасқан «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығының аумағында өтеді. Сауда-саттық сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жүргізіледі.
Іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына келесі тауарлар ұсынылады:
Жаңа жиналған көкөністер мен жеміс-жидек;Ет және сүт өнімдері;Ұн және нан-тоқаш өнімдері;Табиғи шырындар, тосаптар, джемдер;Тағы да басқа өңірлік өнімдер.Жәрмеңкеге жергілікті фермерлермен қатар Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілер қатысады. Бұл тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді бағадағы өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді.
Келушілерге ыңғайлы болуы үшін іс-шара өтетін орынға №2, 32, 49, 50 және 73 бағытындағы автобустар қатынайды.
Сондай-ақ, Астанада тұрақты ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де жұмыс істейді. Ол Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында («Рио-де-Жанейро» ТК қарсы бетінде) орналасқан және күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін ашық.
Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті