• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Маусым, 2025

Астанада шетелге жұмысқа дайындайтын орталық ашылды

80 рет
көрсетілді

Елордада шетелде еңбек етуге ниетті азаматтарға арналған жаңа көші-қон алдындағы дайындық орталығы ашылды. Бұл бастама қазақстандықтардың шетелде жұмысқа орналасар алдында жақсырақ дайындалуына, қорғалуына және ақпараттандырылуына бағытталған, деп хабарлайды  Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Орталық Астана қаласы әкімдігінің Карьералық орталығы базасында ашылды. Мұнда азаматтар еңбек көші-қонының құқықтық, мәдени және практикалық аспектілері туралы мәлімет ала алады. Тақырыптар қатарына мигранттардың құқықтары, басқа елге бейімделу, заңдық ерекшеліктер мен еңбек қызметіне дайындық кіреді.

Жоба Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) тарапынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Астана қаласы әкімдігімен және Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігінің (SDC) қолдауымен жүзеге асырылды.

Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейрханов, Еңбек министрінің орынбасары Асқарбек Ертаев, Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Салман Бал және басқа да мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

Орталықтың ашылуы ХКҰ-ның Орталық Азиядағы басқарылатын еңбек көші-қонын ілгерілетуге бағытталған аймақтық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті