• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Туризм Кеше

Жаңа рейс демалушыларды қуантып отыр

100 рет
көрсетілді

Жазғы демалыс айларында Шарм-әл-Шейх курортты қаласына барғысы келетіндер көбейетінін ескеріп, Петропавл әуежайын басқаруға алған «Халықаралық «Қызылжар» әуежайы» ЖШС «SСAT» авиакомпаниясымен келісіп, 2-ші шілдеден бастап жолаушыларды Мысырға тура апаратын рейс ашқалы отыр, деп жазады Egemen.kz.

Бұл рейс әрбір 10 күнде бір рет атқарылатын болады. Алғашқы рейс 2-ші шілде күнгі таңғы 04.00-де DV5252 нөмірімен ұшырылады. Ұшу уақыты бес сағаттай. Рейсті  Boeing 737 MAX ұшағы атқарады. Әзірге билеттің қанша тұратыны белгісіз. Билетті броньдау туралы ақпараттар да әзірге әлеуметтік желілерге ілінген жоқ.

ПЕТРОПАВЛ