• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Есірткі 03 Маусым, 2025

Павлодар облысында есірткіге қарсы айлық басталды

90 рет
көрсетілді

Павлодар облысында Халықаралық есірткімен күрес күніне орай іс-шара өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу қаласында есірткіге қарсы айлық басталды. Ол есірткіні тұтыну мен олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күнге орайластырылған. Іс-шара мерекелік форматта ұйымдастырылды. Қонақтар концерт тамашалап, жасөспірімдер балалар шығармашылығы байқауына қатысты. Байқаудың мақсаты – балалар арасында есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру.

Акция есірткі жарнамасы бар граффитилерді өшіру рейдтерімен жалғасты. Сондай-ақ тұрғындарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары түсіндірілді.

Айлық аясында профилактикалық іс-шаралар, жастармен кездесулер, дәрістер мен рейдтер өткізіледі. Мұның барлығы қоғамды есірткі қатерінен қорғауға бағытталған.