• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» 20 Мамыр, 2025

Жыл басынан бері 159 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

0 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өткізіліп жатыр. Акция таза және қауіпсіз орта құруға, заңсыз қоқыс орындарының алдын алуға бағытталған, деп жазады  Egemen.kz.

Шараға жеті мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылған. 1100-ден астам мобильді топ жұмыс істеген. 2025 жылдың басынан бері 159 мың әкімшілік құқықбұзушылық және 1074 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері (2024 жылдың сәуірінен бастап) 1802 стихиялық қоқыс орны табылды. 441 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Жергілікті атқарушы органдарға бұзушылықтарды жою туралы 1268 ұйғарым жолданып, нәтижесінде 1041 қоқыс үйіндісі жойылған.