Елімізде мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы басталды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Халықаралық сауда, транзиттік тасымалдар мен жолаушылар ағынының өсуіне байланысты 2030 жылға дейін 37 шекаралық нысанды кезең-кезеңімен қайта жаңарту жоспарланып отыр.Компания Қазақстан-Қырғыз және Қазақстан-Ресей шекараларында алты басым жобаны іске асыруға кіріскен. (Бесағаш, Қарасу, Сырым, Әлімбет, Жаңа Жол және Қосақ өткізу пункттері).Алдағы уақытта атқарылатын тағы алты жоба: Тасқала, Үрлітөбе, Құрманғазы, Ақсай, Қайрақ және Камышановка пысықталып жатыр.Өткізу пунктерін жаңғырту аясында көліктерді, азаматтар мен сауда өкілдері үшін шекарадан қолайлы әрі тез өтуге жағдай жасалады.Сондай-ақ,бағдарлама шекара маңында орналасқан аймақтардың дамуын ынталандырып, республиканың халықаралық көлік дәліздеріне ықпалдасуын күшейтеді.