Теңгерімді тамақтану – бұл балалар үшін тең бастаманың негізгі кепілі. Осылайша, Президент тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап әлеуметтік осал отбасылардан шыққан бастауыш сынып және 5-11-сынып оқушылары үшін мемлекеттік мектептерде тегін ыстық тамақ беру ұйымдастырылды. Мысалы, 2025 жылдың басында 1,7 миллионнан астам бала осындай тамақтандырумен қамтамасыз етілді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан басқа, 2024 жылы Мемлекет басшысы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Негізгі жаңалықтардың бірі 25 мыңнан астам баланы қамтуға мүмкіндік беретін жекеменшік мектептердің 1-4-сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беру болды. Бұл бастаманы іске асыруға жергілікті бюджеттен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, ғылыми деректер мен халықаралық ұсынымдар негізінде жаңа Мектепте тамақтандыру стандартын әзірледі. Ол 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елдің барлық білім беру ұйымдарында күшіне енеді.
Мектептегі тамақтандырудың жаңа стандарты рационды сауықтыруға бағытталған, атап айтқанда бұл қантты, тұзды және өңделген тағамдарды азайтуды, көкөністердің, жемістердің, дәнді дақылдардың, ақуыздардың және сүт өнімдерінің үлесін арттыруды қамтиды.
Құжат дұрыс тамақтану бойынша халықаралық ұсынымдарға сәйкес келеді:
- қант 3,6 есе аз; - тұз 5 есе аз.
Сараптамалық бағалауларға сәйкес, тамақтану стандартын қатаң сақтау:
балалардағы семіздік деңгейін 15%-ға дейін, II типті қант диабеті жағдайларын 20%-ға дейін, артериялық гипертензияны 18%-ға дейін, басқа созылмалы ауруларды 15%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ балалардың зейіні мен үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді.Мектепте тамақтандыруға қанағаттану «Жеуге жарамсыздық индексімен» (тәрелке қалдығы) бағаланады.
Тамақтандырудың жаңа стандарты мектеп және мектепке дейінгі білім беру нысандарында қолданылады.
Мектепте тамақтандыру реформасы балалардың физикалық жағдайын жақсартуға ғана емес ықпал етіп қоймай, сонымен бірге ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық әсерге ие болады:
Рационды жаңартумен қатар, тамақтану қауіпсіздігі мен мектеп асханаларының санитарлық жағдайына бақылау күшейтіледі.
Мемлекеттік бақылауға жаңа тәсілдер енгізілуде: тексерулер туралы алдын ала хабарлаудан бас тарту, тұрақты мониторингтік сапарлар жүйесін енгізу.
Бұл шаралар тамақтану жағдайларын объективті бағалауға және бұзушылықтарды уақтылы жоюға бағытталған.