• RUB:
    6.46
  • USD:
    511.37
  • EUR:
    583.73
Басты сайтқа өту
Білім 01 Маусым, 2025

Цифрлық болашақ мектеп орындығынан басталады

60 рет
көрсетілді

Дарындылықты дамыту сабақ шегінен шығады, сондықтан Қазақстанда мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына қаржыландыру қолданылып, соның арқасында балалар үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл шара 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

Қазіргі уақытта елде Artsport.kz және Damubala.kz платформалары арқылы тегін үйірмелерге жазудың екі жүйесі бар. Оларда шығармашылық үйірмелерден бастап спорт секцияларына дейін (вокал, сурет салу, актерлік шеберлік, би, робототехника, бокс, жүзу және т.б.) түрлі түрлері бар.

Сонымен қатар, өңірлерде қызығушылық клубтары жұмыс істейді. Мысалы, Астана қаласында «Аула клубтары» жұмыс істейді. Оның айырмашылығы – секциялар мектептер мен жастар орталықтарына негізделген. «Аула клубтары» бағдарламасы бойынша 74 спорт және 56 шығармашылық секция тегін негізде қолжетімді, оған бүгінде 2500-ге жуық елордалық балалар қатысады.

Осылайша, Қазақстанда балалардың жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы тегін үйірмелер мен секцияларға кең қолжетімділігі қамтамасыз етілді, бұл олардың талантын дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

Өскелең ұрпақты даярлау және ТЖ іс-қимыл дағдыларын жетілдіру мақсатында өңірлердің білім беру ұйымдарының базасында 2,5 мыңнан астам (2553) «Жас құтқарушы» үйірмесі жұмыс істейді, мектептерде оқу кезеңінде кадет сыныптары (азаматтық қорғаудың оқу сыныптары) жұмыс істейді, облыс орталықтарында «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» және «Жас құтқарушы» орталықтары құрылды.

Өскелең ұрпақтың цифрлық дағдыларын дамыту – Қазақстанның стратегиялық басымдықтарының бірі.

2025 жылдың мамыр айында 9-12-сынып оқушылары арасында жасанды интеллект бойынша бірінші республикалық олимпиада – AI Olymp финалы өткізілді, оған еліміздің барлық өңірлерінен 40 үздік оқушы қатысты. Финал қорытындысы бойынша ең мықты 12 қатысушы оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, 2025 жылдың тамызында Бейжіңде өткен халықаралық ЖИ олимпиадасына (IOAI) қатысу үшін ұлттық құрама құрады.

2025 жылдың қазан айынан бастап Астана қаласында Орталық Азиядағы тұңғыш халықаралық деңгейдегі «TUMO» білім беру орталығы – 12 жастан 18 жасқа дейінгі жастарды ЖИ-ден веб-әзірлеуге дейінгі 11 цифрлық және шығармашылық бағыт бойынша тегін оқыту алаңы жұмыс істей бастайды. Жоба Қазақстан үкіметінің 5 жыл ішінде 1 миллион азаматты цифрлық дағдыларға оқыту жөніндегі стратегиялық бастамасы шеңберінде іске асырылуда. Ол Tomorrow School, People Bootcamp, AI'preneurs, QazCoders және басқа да жасанды интеллект бастамаларын қоса алғанда, басқа да негізгі AI Movement бағдарламаларын толықтырады.

Сонымен қатар, Астана қаласында 2024 ICPC World Finals спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалы өтті – Қазақстан мен Орталық Азия тарихында тұңғыш рет. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 142 команда, оның ішінде 5 қазақстандық команда қатысты. Оқушыларға чемпионатқа еріктілер ретінде қатысуға, сондай-ақ чемпионат алаңы бойынша экскурсияға қатысуға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, чемпионат шеңберінде Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оған сәйкес спорттық бағдарламалау спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесіне ресми түрде кірді.

Осылайша, Қазақстанда дарындылықты дамыту үшін тұтас цифрлық орта қалыптасады, бұл оқушыларға ерте жастан бастап болашақ дағдыларын игеруге және халықаралық деңгейге сенімді түрде шығуға мүмкіндік береді.