• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Құрылыс Кеше

ҚТК кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыруға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды

80 рет
көрсетілді

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ аумақтарды кешенді құрылыс салу жобаларын қаржыландырудың жаңа тетігінің іске қосылғаны туралы хабарлайды. Қатысуға өтінімдерді қабылдау homeportal.kz 2025 жылғы 1 маусымнан бастау алады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа құрал өңірлердегі тұрғын үй құрылысын қолдауға, қалалық инфрақұрылымды дамытуға, жайлы, қауіпсіз және заманауи өмір сүру ортасын құруға бағытталған. Механизм Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда, жаңа тұрғын үй аудандарын да, реновация жобаларын да қамтиды.

Қаржыландыру бекітілген мастер-жоспар шеңберінде тұрғын үй және ілеспе инфрақұрылым объектілерін салуға жеке құрылыс салушыларға берілетін болады. Әрленген тұрғын үйді белгіленген бағамен сатуға және оны сатып алу құқығымен әкімдіктердің кезекте тұрғандарға жалға беруге ерекше назар аударылады.

Қаржыландырудың негізгі шарттары:

● Сомасы: 100 млн теңгеден жоба құнының 30% - на дейін;

● Мөлшерлеме: 12,6% (уәкілетті орган айқындайды);

● Мерзімі: 36 айға дейін;

● Жеңілдік кезеңі: негізгі борыш бойынша 18 айға дейін, сыйақы бойынша 12 айға дейін;

● Жылжымайтын мүліті кепілмен қамтамасыз ету;

● Міндетті талаптар: құрылыс салушының тәжірибесі, жер учаскесінің болуы, кешенді құрылыс стандарттарын сақтау.