• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Мамыр, 2025

Халықаралық қауіпсіздікке арналған жиын

70 рет
көрсетілді

Мәскеуде Қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жоғары өкілдердің XIII халықаралық кездесуі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі ұйым­дастырған іс-шарада қауіпсіз­­дік кеңестерінің, құқық қорғау және арнайы органдардың, сыртқы саяси ведомстволардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың атынан келген 130-дан аса делегация мүшелері бас қосты.

Пленарлық отырыс тең және бөлін­бейтін қауіпсіздік архи­тек­турасын қалыптастыру тақырыбына арналды. Талқылау аясында форумға қатысушылар халықаралық жағдайдың не­гіз­гі даму үрдісі, жаһандық сын-қатерлер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тең және бөлінбейтін қауіпсіздік қағидатын іске асыру барлық мемлекеттің мүдделерін өзара құрметтеуді, сондай-ақ өңір­лік және континенттік қауіпсіздік жүйелеріне сүйенуді көздейтінін айтты.

Сонымен қатар Қазақстан мен Орталық Азия өңірінің халық­аралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне үлес қосатын бірқатар бағытын атап өтті. Соның ішінде терроризм мен экстремизмге қар­сы тұру, жаппай қырып-жою қаруын таратпаудың жаһан­дық режімдерін нығайту, жанжалды төмендетудің кепілі ре­тінде өңірлік интеграцияны іл­герілету шараларына назар аударды.

Бұдан бөлек, ақпараттық қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету сала­сын­­дағы халықаралық ын­ты­мақ­­­­тастық мәселесі қарас­ты­рылды. Сонымен қатар ШЫҰ мен ТМД-ға мүше мемлекет­тер­дің Қауіпсіздік Кеңестері хатшыларының бей­­­рес­ми кездесулері өтті.

Форум аясында Ғизат Нұрдәулетов бірқатар шетелдік әріп­тестерімен келіссөздер жүргізіп, өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.