• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Өнер Кеше

«Томирис» Афинаны «жаулайды»

30 рет
көрсетілді

Грекия астанасы Афинада қазақ киносының күндері өтті. Мәдени іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының қолдауымен түсірілген фильм­дер грек көрерменіне ұсынылды.

Фестиваль бағдар­ламасына Қа­зақстан тарихы, мә­дениеті мен халық батырлары туралы баяндайтын классикалық және заманауи фильмдер кірді. Кино күндері сақ патшайымы, еркіндік пен батылдықтың рәмізіне айналған Томирис туралы тарихи фильмнің көр­сетілімімен бас­талды. Бұл ­туынды фестиваль қонақта­ры тарапынан қызығушылық ­тудырды. Сол себепті фильм­ді Грекияда про­катқа шыға­ру мүмкіндігі туралы келіс­сөз жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ көрерменге аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамбліне арнал­ған кино туындысы мен «Қа­зақ­фильм» қайта қалпына кел­тірген қазақ киносының клас­сикасы «Менің атым Қожа» фильмі көрсетілді.

Көрсетілімнен кейін қазақ­стандық актерлер мен режиссерлер және грек кино­өндірісінің өкілдері қатысқан шығар­машылық кездесулер мен пікірталастар ұйымдас­тырылды. Фестивальге қаты­сушылардың пікірінше, мұн­дай мәдени алмасу жи­ын­дары – Қазақстан мен Гре­­кия халық­тарының ара­сындағы өзара тү­сіністік пен ын­ты­мақ­тастықты нығайтудың тиімді жолы.

Осылайша, Афинада өт­кен қазақ киносының күн­дері грек көрерменінің ерекше ықы­­ласына бөленіп, екі ел ара­сындағы мәдени байланыс­ты одан әрі нығайта түсті.