• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Мамыр, 2025

Жүргізушілер "Жайсаң" өткізу бекетіндегі кептелісті азайтуды сұрайды

50 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес отырысында  Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Жайсаң» автокөлік өткізу бекетінде енгізілген «CarGoRuqsat» электронды кезегінің тиімділігі туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүк тасымалдаушылардың шекарадан өтуін жеңілдету мақсатында биылғы мамырдан бастап енгізілген электронды кезек жобасының  транзиттік көлік қозғалысына кедергі келтіргеніне  шағымданған  200-ден астам ауыр жүк көлігі жүргізушілері   жағдайды реттеуді сұрайды. Негізгі мәселе – «Жайсаң» өткізу бекетінде  электронды кезектің дұрыс жұмыс істемеуінен  туындаған кептеліс.  Көлік құралдарының кіріп-шығу тәртібін реттейтін ақпараттық таблосы бар жинақтау алаңы болмауынан ауыр жүк көліктері жеңіл көліктермен бірге күні бойы  кезек күтеді. Мұндай жағдай логистикадағы тәртіпсіздікке,  күту уақытының артуына және бизнеске келетін шығындардың көбеюіне әкеледі.

Тағы бір өзекті мәселе –көрсетілетін қызмет сапасының төмендігі.  Жүйе ақылы болғанына қарамастан, жүргізушілер өткізу бекетіндегі күтуге арналған аймақтардың, санитарлық нысандардың және демалатын орындардың талапқа сай еместігіне наразы.

Қазіргі уақытта  өткізу бекетіндегі  кідіріске тасжол бойындағы жөндеу жұмыстары да кедергі келтіріп отыр. Кеңес мүшелері электронды кезекке тіркелген көлік құралдарын  кедергісіз тексерістен өтуге басымдық беру, ақпараттық таблосы бар жинақтау алаңын жасақтау, жол жөндеу кезінде транзиттік көліктер қозғалысын жол полициясының бақылауға алуын  тапсырды. 

Ақтөбе облысы.