• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат 29 Мамыр, 2025

Астана халықаралық форумы тікелей эфирде көрсетіледі

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Астана халықаралық форумының пленарлық отырысы республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция сағат 10.30-да басталады», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, форум Астанада 29-30 мамыр күндері өтеді. 

Форумды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашады.

Астана халықаралық форумы – Орталық Азия аймағындағы ең ірі іс-шара, ол халықаралық күн тәртібіндегі негізгі және өзекті мәселелер бойынша шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, ірі компаниялардың, іскерлік және академиялық қауымдастықтың жоғары лауазымды делегаттары арасындағы диалог үшін жаһандық алаң болып табылады. AIF-те сыртқы саясат, экономика және қаржы, қауіпсіздік, тұрақты даму, энергетика және климат мәселелері талқыланады. 

Соңғы жаңалықтар