• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Елорда 29 Мамыр, 2025

Ертең заңгерлер қазақстандықтарға тегін кеңес береді

80 рет
көрсетілді

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқаны еліміздің барлық аймағын қамтиды. Шаралар 30 мамырда өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Науқанда үздік заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес береді. Қазақстандықтар азаматтық құқық және процесс, банктік құқық, атқарушылық іс жүргізу, неке-отбасы құқығы, мұрагерлік, тұрғын үй, жер, еңбек, салық, әлеуметтік қамсыздандыру және нотариаттық қызмет, зияткерлік меншік, корпоративтік әкімшілік құқық, қылмыстық құқық және процесс бағыттарында толғандырған сұрақтарына жауап ала алады. 

Астанадағы «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқаны Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 17: 00-де басталады. Өңірлердегі науқан өтетін мекенжайларды lp.prg.kz сайтынан көруге болады.