• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Президент 28 Мамыр, 2025

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

50 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сан ғасырлық достыққа негізделген қазақ-әзербайжан қарым-қатынасы шынайы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқаны қуантады. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы жетістіктерімізді еселеп, сан қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықты жаңа белеске шығаратынымызға сенімдімін», деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.