• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 28 Мамыр, 2025

«Тұран» ойындарында арқан тартысады

20 рет
көрсетілді

Өскеменде арқан тартудан республикалық турнир өтіп, еліміздің әр өңірінен отызға жуық команда қатысты. Атап айтсақ, бұл күнгі додада Астана, Ұлытау және Абай облыстарынан келген спортшылар күш сынасты.

Ұлттық спорт түрінен өтіп жатқан жа­рысқа командалар тың­­ғылықты дайын­дық­пен келген. Жат­тықтырушылар да турнир бойы командасына дем беріп, қолдау көрсетумен болды. Ал жарыстың түпкі мақсаты – командалар ішінен әдіс-тәсілі келіскен кіл мықтыларды іріктеу еді. Алайда, нақты іріктеу қараша айына қалды. 

– Біз арқан тарту спорт түрін әлем­дік дең­гейде дамыту мақ­сатында рес­пуб­ликалық турнир­лер өт­кізіп жатырмыз. Бү­гінгі сайысқа ерлер, әйел­дер ғана емес, бі­рін­ші рет жас­тар құра­ма­сы да қатысып жатыр. Солардың ішінен ар­қан тартуға ебі бар, білек күші бар жастарды үл­кен жарыстарға шыға­руымыз керек, – деді арқан тартыс феде­ра­циясының вице прези­денті Нұрлан Жабаев.

Жарысқа қыздар, ер­лер, жасөспірімдер және қыз-жігіттер ара­лас­қан төрт категория бойын­ша командалар қа­тыс­ты. Шығыстың шымыр қыздары да алаңға рух­танып шығып, қарсы­ластарын ойсырата ұтып жатты. 

Аталған жарыстың жалпы жүлде қоры 1,5 млн теңге. Дегенмен, қаты­сушылар жүлде деп емес, әркім өз аймағы­ның намысы үшін тар­тыс­қа түсті. Сайыс қоры­тындысы бойынша аралас командалық жарыс­та өскемендіктер Астана­ға есе жіберіп алды. Ал Шы­ғыстың намысын қор­­ға­ған ерлердің және әйел­дердің екі командасы бірінші орынды қан­жығаға басты.

Жастар арасында үз­­дік нәтиже көрсет­кен спорт­­шылар Әзер­бай­жан­да өтетін халық­ара­лық «Тұран» ойындарында ар­қан тартыстан бақ сынасады.

 

Шығыс Қазақстан облысы