• RUB:
    6.39
  • USD:
    512.16
  • EUR:
    580.94
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Астана халықаралық форумына бес мыңнан астам қонақ келеді

20 рет
көрсетілді

Astana International Forum (AIF) қатысушылары елордаға келе бастады. Биылғы форум аясында бес мыңнан астам шетелдік қонақтың келуі күтіледі. Олардың қатарында делегация жетекшілері, ірі компания басшылары, форум қатысушылары мен еріп жүрген тұлғалар, сондай-ақ 100-ден астам шетелдік БАҚ өкілдері бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Форум ұйымдастырушыларының мәліметінше, шетелдік қонақтар қаланың 37 ірі қонақүйінен бөлмелерге тапсырыс берген. 2025 жылғы 26-31 мамыр аралығында 4 жұлдызды қонақүйлердің толымдылығы 50-90% аралығында болса, 5 жұлдызды қонақүйлерде бұл көрсеткіш 90-100%-ға жеткен.

Салыстырар болсақ, 2024 жылдың осы кезеңінде 4 жұлдызды қонақүйлердің толымдылығы 30-60%, ал 5 жұлдыздыларда 50-60% деңгейінде болған.

Орташа есеппен, Астанаға келген бір іскер туристің шығыны 177 мың теңгені құрайды. Бұл сомаға қонақүйде тұру, тамақтану, көлік қызметтері, ойын-сауық пен сауда кіреді. Қонақтардың орташа болу ұзақтығы — 3 күн.

Шетелдік қонақтардың келуінің мультипликативтік әсері 2,6 млрд теңгеден асады деп бағалануда. Бұл өз кезегінде мұндай халықаралық іс-шаралардың Астана мен жалпы ел экономикасы үшін маңыздылығын көрсетеді.

Astana International Forum 2025 жылдың 29-30 мамыры күндері өтеді.

Форумның бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, бас демеушісі — «ERG Көмек» корпоративтік қоры, ал ресми банкі — «Фридом Банк Қазақстан» АҚ. Бұған қоса, форумды еліміздің бірқатар ірі кәсіпорындары мен компаниялары қолдауда.