• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Бүгін – Кемел Ақышев дүниеге келген күн

50 рет
көрсетілді

Тұп-тура 101 жыл бұрын қазақ археологиясының атасы атанған ғалым, «Алтын адамды» алғаш тапқан археолог,  Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Кемел Ақышев дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ол қазақ археология ғылымының қалыптасуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі. 1924 жылы Баянауылда дүниеге келген болашақ ғалым майдан шебінен ғылым жолына бет бұрып, көне ғасырлар құпиясын ашуға ғұмырын арнады. Кемел Ақышев – Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» арқылы әлемге танылған археолог. 

Сондай- ақ ол Бесшатыр, Отырар, Шілікті сынды ежелгі ескерткіштерді зерттеген. Ерте темір дәуірінің мәдени мұрасын терең талдап, Қазақстан тарихының ғылыми негізін қалады. 

Ол 2000 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде археологиялық реконструкция лабораториясын құрды. Ғылымға сіңірген еңбегі үшін Мемлекет сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері атанды.  

Қазіргі таңда елордада орналасқан №69 мектеп- гимназиясы Кемел Ақышев есімімен аталады. 

Арайлым МЫРЗАХАН, ЕҰУ 2 курс студенті