Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және отбасылық құндылыққа деген құрметті қалыптастыру мақсатында Жезқазған қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектепте «Отбасылық сурет көрмесі» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрмеге бастауыш және орта буын оқушылары қатысты. Балғындар өз отбасыларына деген сүйіспеншілігін, бірлік пен татулықты сурет арқылы бейнеледі. Балалар салған суреттерден әр отбасында қалыптасқан дағды мен жылулық көрініс тапты. Қылқаламның көмегімен ата-анасына деген сүйіспеншілікті, бірге туғандарына деген бауырмалдылықты бейнеледі.
Іс-шара барысында қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай тәрбиелік мәні бар шаралар балалар бойында рухани-адамгершілік құндылықты қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Ұлытау облысы