• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:51

Емші ер адамды балғамен ұрып, омыртқасын сындырған

20 рет
көрсетілді

Емшінің емінен кейін аяғы ұйыған 50 жастағы Шымкент тұрғыны сол күні кешкілік ауруханаға шұғыл жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ер адам шипагер туралы мәліметті ғаламтордағы хабарландыру арқылы тапқан. Дертіне дауа іздеп алдына келген науқасты ол жатқызып қойып, арқасынан балғамен ұрған. Көп ұзамай емделуші ауруханаға түскен.

№2 қалалық көпсалалы аурухананың басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, жұлынның үзілуі мен омыртқаның сынуы анықталған. Аяғының жаны кетіп, қара жерді басу мұң болған науқастың ауруханада жатқанына ұзақ уақыт болыпты. 

Дәрігерлер емшіден ем алудың қауіпті екенін, мұндай емнің соңы мүгедектікке әкелуі де мүмкін екенін еске салады.