• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Театр 22 Мамыр, 2025

«Шеңбер»

30 рет
көрсетілді

Қаллеки сахнасында «Шеңбер» атты жаңа қойылымның салтанатты премьерасы өтті. Спектакль неміс драматургі Бертольд Брехтің әлемге әйгілі «Кавказдағы борлы шеңбер» пьесасының желісімен сахналанған.

Қазақ тіліне Зұл­қарнай Са­қиұлы көр­кем тілмен аударған туындыны, режиссер Ұлан Қабыл жаңа көз­қараспен түрлендіріп көрді. Шығармашылық ұжымның ізденісін, өз­геше бағыттағы қо­йы­лымын көрермен жо­ғары баға­лады.

«Шеңбер» – әділдік пен ана­лық махаббат жайлы сыр шер­тетін терең туынды. Жай қойы­лым емес, ол – адам­дық қа­сиеттерді, жү­рек жылуын және ана­ның аялы алақанын дәріп­тейтін шынайы сахналық сыр», дейді режиссер.

«Qalleki» театр ла­бо­ра­­тория­сының бұл туындысы театр­сүйер қауымның қы­зығу­шылығын оятып, ерек­ше ықыласқа бө­лен­ді. Эпикалық драма жанрында қойылған шығарма сан түрлі се­зімге бөлеп, уақыт пен кеңістіктің шекарасынан тыс адамзаттық құн­дылықтарды ой елегінен өт­кізуге ша­қырады. Қойылым барысында Брехтің оқшаулану әдісі қолданылған, бұл актерлік ойын мен кө­рермен арасындағы қарым-қатынасты жа­ңа деңгейде ұғынуға мүмкіндік береді. Адам­гершілік пен әді­леттілік туралы те­рең ойға жетелеп, жал­пы адам­зат­тық құнды­лық­тарға үн­дейді.

«Бізге Брехті тү­сіндірген – Болат Ата­баев. Кезінде өзі қойған кезде спектакль үлкен сынға қалған екен. Енді бүгінгі премьерада біз сол Брехтке жете алдық па, әлде жете алмадық па – көрерменге аян», дейді Ұлан Қабыл.