• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Айтыс Бүгін, 08:00

Париж төріндегі айтыс

10 рет
көрсетілді

Күні кеше ғана ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас штаб-пәтерінде қазақ және қырғыз ақындарының қатысуымен дүбірлі айтыс өтті. Достық кездесу бауырлас екі халыққа – қазақ пен қырғызға ортақ бірегей өнердің 2015 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енуінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Мәдени іс-шараға Түркі Мәдениеті және мұрасы қорының өкілдері де қатысты.

«Әдебиет және өнер» порталына Түркі мәдениеті және мұрасы қорынан берілген мәліметке сәйкес, бұл мә­дени жиын Қазақстан мен Қырғыз Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұ­рақты өкілдіктерінің ұйым­дастыруымен өткен. Іс-шара ортақ өнеріміз арқылы тарих, тағдыр табыстырған туыстас халықтар екенімізді таныта отырып, айтыстың ғажайып қасиеттерін насихаттауды көз­дейді.

Еуропаның түрлі елдерінде тұратын қазақ және қырғыз диаспоралары бас қосқан айтыс сөз шеберлерінің ма­қамды шумақтарына, маз­мұнды ойларына, ұтымды сөз қағ­ысуларына толы болды.

Екі елдің арда ақындары – Аманжол Әлтай (Қазақ­стан) және Мирлан Самый­қожо (Қырғызстан) жүр­гіз­ген айтыста Парламент Мәжі­лісінің депутаттары Нұр­тай Сабильянов пен Жа­нар­бек Әшімжан, Қырғыз Респуб­лика­сының Жогорку Кенеш депутаты Шайырбек Ташиев, «Манас» театрының басшысы Нұрбек Талантбеков және басқа да танымал тұлғалар қазылық етті.

Сөз жарысында «Қос бәй­ге» (бөлісілген жүлде) қағи­датына сәйкес, Гран-при Айбек Қалиев пен Азамат Бол­ғонбаевқа табысталды. I орын дипломдары Дидар Қамиев пен Ақматбек Сұлтанұлына, II орын Мейірбек Сұлтанхан мен Амантай Құтманалиевке, ал III орын Абай Жолмағам­бетов пен Мақсат Құлиевқа бұйырды.