Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 5 маусымда Беларусьпен жолдастық кездесу өткізсе, 9 маусымда әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Македонияға қарсы ойнайтыны белгілі.
Осы матчтарға бас бапкер Әли Әлиев мына ойыншыларды шақыртты:
Қақпашылар – Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар – Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранқұлов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»);
Жартылай қорғаушылар – Асхат Тағыберген, Ислам Чесноков («Тобыл»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Айбол Әбікен («Қайсар»), Серікжан Мұжықов, Алмас Түлебай («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Дамир Марат, Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Куат, Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Георгий Жуков («Пуща» Польша), Муроджон Халматов, Зикрилло Сұлтаниязов («Ордабасы»);
Шабуылшылар – Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат») және Алияр Мұхамед («Оқжетпес»).