• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 11:30

Грант конкурсына өтініш қабылдау қашан басталады?

140 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, грантты тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау шілденің 13 мен 20 аралығында жүргізіледі. Оның нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады. Жоғары оқу орнына тіркелу 25 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, елімізде ҰБТ-ны тапсыру 16 мамыр мен 7 шілде аралығында өтетіні хабарланды. Тестілеу еліміз бойынша 46 арнайы аймақтық орталықта ұйымдастырылған.

Талапкерлерге тест тапсыру күнін, уақытын және орнын өз бетінше таңдауға мүмкіндік берілген. Олар ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады.

2025 жылы 217 мың мектеп түлегі болса, соның 183 мыңы ҰБТ-ға тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 мыңға артық. Емтиханнан кейін талапкерлер нәтижелерін толық талдауымен бірге көре алады.