• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:40

Бірлескен оқыту курсы басталды

10 рет
көрсетілді

Астанада Парламент Сенаты мен Ұлттық банктің бірлескен оқыту курсы басталды. Жаңа бастама қатысушылардың ақша-несие саясаты жөніндегі білімін толықтыруды көздейді. Жоба аясындағы алғашқы дәрісті палата спикері Мәулен Әшімбаев пен Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов оқыды.

Дәріс барысында ұлттық және халықаралық экономика­дағы негізгі реформалар талданды. Сондай-ақ макроэкономика­лық саясатты қайта жаңғырту­ға арналған сараптамалық-заң­намалық жұмыстың басым міндеттері белгіленді.

Оқыту курсы Сенат жанын­дағы Талдау мектебі мен Сарап­шылар клубы аясында еліміз­дегі сарапшылар қауымдастығы­ның аналитикалық қабілет­терін шыңдау бағытында палата жүргізіп келе жатқан жұмыстың жалғасы екенін атап өткен жөн. Төрт апталық курсқа 40 тыңдаушы қатысады. Олардың қатарында Сенат жанындағы Сарапшылар клубының мү­шелері мен Талдау мектебінің түлектері және монетарлық сая­сат тақырыбына маманданған журналистер бар. Жобаның бас­ты мақсаты – ақша-несие саясатын жан-жақты талқылау арқы­лы әр саладағы аналитиктердің бұл бағыттағы шешім қабылдау үдерісімен жақын танысуына жағдай жасау.

Алғашқы дәріс сұраныс пен ұсыныс теориясына, нарықтық тепе-теңдік пен икемділікке және негізгі макроэкономика­лық көрсеткіштерге арналды. Бұған қоса іс-шарада еліміздің макроэкономикалық көр­сет­кіш­терінің динамикасына рет­ро­­спективті талдау жүргізілді және жабық экономика модельдері мен озық халықаралық тәжірибелер зерделенді.

М.Әшімбаев атап өткендей, мемлекеттің экономикалық саясатының тиімділігін арттыруды көздейтін міндеттерді нәтижелі іске асыру және жаһандық экономикалық тәртіптің өзгеруі жағдайында жаңа сын-қатерлерді еңсеру үшін талдамалық дағдыларды дамыту айрышқа мәнге ие. Сондықтан аталған оқыту курсы тыңдаушыларға қазіргі экономикалық ахуалды терең түсіндіру және соған байланысты кәсіби тұрғыдан әрекет етуіне ықпал жасау мақсатымен ұйым­дастырылып отыр.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-несие және фис­калдық саясат арасын­дағы тең­герімсіздіктерді жою керек­тігін бірнеше рет атап өтті. Бұл бағыттағы іс-әрекет­тер сенімді деректерге, тыңғылық­ты талдауға және сапалы сарап­тамаға негізделуі қажет. Осы ретте жаңадан қолға алынып жатқан оқыту курсы Ұлттық банк шешімдерінің қалай қабылданатынын, олардың инфля­цияға, жұмыспен қамтуға, инвес­ти­цияларға, жинақтар­ға және елдің экономикалық өсуіне қаншалықты әсер ететінін түсіну­ге, осы бағытта тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндік екені анық», деп М.Әшімбаев жобаны ұйымдастырғаны үшін Ұлттық банк командасына, сондай-ақ ерікті негізде өз білімдерімен бөлісуге дайын болған дәріс­керлерге алғыс білдірді.

Оқыту курсының қоры­тын­дысында тыңдаушылар базалық мөлшерлемені белгі­леу­ге әсер ететін аналитика­лық жұмыс туралы білімін молайтып, негізгі макроэкономика­лық қатынастарды және артық техникалық жүктемесіз болжау негіздерін меңгереді. Одан бөлек, ақша-несие саясатының жалпы мәні мен маңызы жөнінде мәлімет алады.

Айта кетейік, былтыр Пар­ла­мент Сенаты Цифр­лық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі ми­нистр­лі­гімен бірлесіп, талдау кезінде «үлкен» деректер мен жасанды интеллектіні қолдану тақыры­бына арналған семинар өткізді. Сонымен қатар бұған дейін «Taldau Talks» подкастында мо­нет­арлық және фискалдық саясат­тың өзекті мәселелері кеңінен талқы­ланғанын атап өткен жөн.