Петропавлда 30 жастағы жігіт канистрден дәнекерлеуші лампаға бензин құйып жатқанда отқа оранып, денесінің 90 пайызы күйікке ұшырады.
Зардап шегушінің әйелінің айтуына қарағанда бензин құйып жатқанда жігіттің қолында сөндірілмеген темекі болған. Соның отынан жарылыс болып, күйеуінің киімдері лап еткен.
Қазір пациент аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, күйік 2-3 А-Б дәрежесінде, зардап шегушінің денесі басымен бірге 90 пайызға күйген. Жағдайы өте ауыр және тұрақсыз жағдайда.
ПЕТРОПАВЛ