• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әскер Бүгін, 12:06

Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әзірлігі тексерілді

10 рет
көрсетілді

Ақтау гарнизонында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік, техникалық және жедел әзірлігін жан-жақты тексерді. Іс-шара барысында кезекшілікті ұйымдастыру, жауынгерлік дайындық және бөлімшелердің тыныс-тіршілігіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров теңізшілердің қызметімен және тұрмыс жағдайымен танысып, олардың материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілу деңгейін бағалады. Десанттық-шабуылдау бригадасына барған кезде ол жеке құрамға үлгілі қызметі мен әскери борышқа адалдығы үшін алғыс айтты. 

«Сендердей рухы мықты ұлдарды тәрбиелеген ата-аналарыңа шын жүректен алғыс айтамын. Қызмет барысында үлкен тәжірибе жинадыңдар. Алдағы уақытта да елдің сенімді тірегі, нағыз патриот болатындарыңа сенімдімін», деді ол.

«Орал» зымыран-артиллериялық кемесінде Бас штаб бастығы қару-жарақ жүйелерінің, навигация және радиотехникалық жабдықтардың дайындығын тексерді. Оқу-жаттығу барысында экипаждың атыс тапсырмаларын орындау кезіндегі іс-қимылы пысықталып, жеке құрамның үйлесімділігі бағаланды.

Армия үйі базасында Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы ашылды

Сонымен қатар генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров «Қайсар» диверсияға қарсы катері мен арнайы бөлімшелердің Каспий теңізінің қазақстандық акваториясы мен порттық аймақтарын су асты және су үсті қатерлерінен қорғауға әзірлігін бақылады. Ол Әскери-теңіз күштері өңірлік тұрақтылықты сақтауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті, сондықтан олардың жаңғыртылуы Қорғаныс министрлігінің басым бағыттарының бірі болып қала бермек.

Инспекция қорытындысы бойынша Бас штаб бастығы жауынгерлік даярлықты жетілдіру және бөлімшелердің үйлесімділігін нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Еліміздің қорғаныс саласында қандай цифрлық шешімдер енгізілген?

Соңғы жаңалықтар