Бүгінде «Samsung» сөзін естігенде, көзімізге бірден түрлі техникалар мен смартфондар елестейді, бірақ оның басталуының технологияларға мүлдем қатысы жоқ.
Шын мәнінде, бұл компания азық-түлік сатумен айналысқан, басты тауары қарапайым балық болған екен. Компанияның негізін қалаған Ли Бён Чхоль алға қойған үлкен жоспарымен келе жатады. Бірақ 1950–1953 жылдары болған Кореядағы соғыс бизнесті құлдыратты. Кейін компания бағытын өзгертіп, ең алғашқы жаңа өнімдерін 1969 жылы шығарады. Бұл теледидар болатын. Осылайша, компания техника шығарумен айналысуды бастап кетті. Нәтижесінде, «Samsung» компаниясы балық сататын дүкеннен техника шығаратын әлемнің алпауыт компаниясына айналды.
Фариза Ізбасарова,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті