Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкері ретінде таныстырып, Ақтөбе қаласының кәсіпкерлерінен ақша бопсалап жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке кәсіпкерлерге қоңырау шалып, ойдан шығарылған айыптаулар арқылы қылмыстық іс қозғаймын деп қорқытқаны анықталды. Мәселен, ол қаладағы бір ЖШС-тің кадр бөлімінің жетекшісінен 5 млн теңге талап еткен. Ұсталған кезде күдіктінің басқаруындағы көліктен 4 млн теңге қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.
Қазір ол қамауға алынып, Қылмыстық Кодекстің «бопсалау» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғандығын хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Күдіктінің ақша бопсалау дерегі дәлелденсе, оны 5-10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Ақтөбе облысы.